Мұхамеджан

ИП Мұхамеджан

FM Online — Ауылдан арманға!

Біз оқушыларға армандарына жетуге мүмкіндік береміз. Ал командамыздағы әр адамның дамуына және өсуіне жағдай жасауға ұмтыламыз.

FM Online — 2022 жылдан бері оқушыларды ҰБТ-ға дайындап, сапалы білім алуға көмектесіп келе жатқан қазақстандық EdTech компаниясы.

Осы уақыт ішінде 14 000-нан астам оқушы біздің білім беру бағдарламаларымыз арқылы білім алды.

Бірақ FM Online — жай ғана білім беру платформасы емес. Біз әр баланың қай жерде дүниеге келгеніне қарамастан, сапалы білім алуға мүмкіндігі болуы керек деп сенеміз.

Біздің миссиямыз

Әр баланың қай жерде туғанына қарамастан, сапалы білім алуына мүмкіндік жасау.

«Ауылдан — арманға!» — бұл біздің күнделікті жұмысымызға бағыт беретін үлкен мақсат.

Біз математика, физика, информатика және басқа да бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын дамытамыз.

Біздің құндылықтарымыз

  1. Жауапкершілік — өз ісімізге және нәтижемізге жауап береміз.
  2. Адалдық — ашықтық пен сенімді бағалаймыз.
  3. Бастамашылдық — жаңа идеялар ұсынып, оларды іске асырамыз.
  4. Нәтижеге ұмтылу — әр жұмысымыздан нақты нәтиже күтеміз.
  5. Жүйелілік — жұмысты жоспарлы әрі тәртіппен жүргіземіз.
  6. Қамқорлық — оқушыларымыз бен әріптестерімізге жанашырлық танытамыз.
  7. Даму — күн сайын үйреніп, жақсырақ болуға ұмтыламыз.
  8. Командалық жұмыс — бір-бірімізді қолдап, ортақ мақсатқа бірге жетеміз.

Бізбен жақынырақ таныс!

FM Online командасының өмірі, жаңалықтары мен қызықты сәттерін Instagram парақшаларымыздан көре аласың:

Командамыздың өмірі: @fm_teams

Ресми парақшамыз: @fm_online_ubt

FM Online — бір толқында болайық!

Астана
Город
Образовательные учреждения
Сферы деятельности
Организация
Тип регистрации